• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Коронавирус 15 Наурыз, 2020

Қытайда 100 жастағы қарт коронавирустан айыққан

782 рет
көрсетілді

Қытайда осыдан бір апта бұрын жүз жастағы егде кісі коронавирустан құлан-таза айығып, емханадан үйіне қайтқан. Бұл туралы Xinhua агенттігі хабарлады. 

1920 жылы дүниеге келген ер адам өткен айда ғана 100-ге толған.

Ол ауруханаға 24 ақпан күні түсіп, 13 күн бойы ем алған. Нәтижесінде індеттен толығымен жазылған. Осылайша ол сырқатты жеңген әлемдегі жасы ең үлкен науқас болып отыр.  

Дәрігерлер ауруханаға түскен кезде Альцгеймер, гипертония және жүрек дерттеріне байланысты оны емдеу оңай болмағанын айтады.

Әскери дәрігерлер ұзақ кеңесіп, дәстүрлі қытай медицинасы мен плазмотерапияны қоса қолданған екен.