Алматы қалалық полиция департаменті вирус жұқтырған әйел санитарлық қызмет жұмысына кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.
«Алматы қалалық полиция департаменті коронавируспен ауырғандардың бірі азаматша Б-ның санитарлық қызмет жұмысына кедергі келтіріп, вирусқа шалдыққаннан кейін өзімен байланыста болған азаматтардың мәліметтерін беруден қасақана бас тартқанын хабарлайды. Әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабында (Санитарлық ережені немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) көзделген қылмыстың белгілері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды» делінген қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.