• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Наурыз, 2020

Маңғыстауда көшелерге жол қауіпсіздігіне орай билбордтар ілінді

710 рет
көрсетілді

Ақтау қалалық Полиция басқармасы кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында жүргізушілерді жолда сақ болуға шақыратын билбордтар орнатты. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

- Жүргізушілер атқарылып жатқан кешенді шараларға қарамастан, әлі де балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын тудырады. Кейбір оқиғалар қайғылы аяқталады. Осы жылдың қаңтар айында 27 шағын ауданда жүк көлігінің жүргізушісі жеті жасар баланы қағып кеткен. Көптеген жағдайларда жол-көлік оқиғасына жолды дұрыс өтуді үйретпеген кішкентай жаяу жүргіншілердің ата-аналары кінәлі. Бірақ жүргізушілер көлік – жоғары қауіптілік көзі екенін есте сактап мұқият болғаны жөн, - дейді​ Ақтау қалалық ПБ-нің Әкімшілік полиция бөлімінің аға инспекторы Ян Садыкин.

Ақтау қалалық ПБ Әкімшілік полиция бөлімінің бастамасымен автожол учаскелерінің бірінде кішкентай жаяу жүргіншілер бейнеленген билборд орнатылды.

Полицейлердің пікірінше, мұндай алдын алу шаралары балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан да жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаға жасыл жарық беру туралы шешім қабылданды.

- Билбордтарды орнатудың пайдасы зор. Өйткені біздің заңнама жол қозғалысына қатысушыларды әртүрлі өнімдерді жарнамалайтын түрлі жарнамалық қалқандармен алаңдатуға рұқсат етеді. Бұл жағдайда жаяу жүргіншілер үшін де, жүргізушілер үшін де оң нәтиже күтілуде, - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.