• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Саясат 16 Наурыз, 2020

Қазақстан Елшісі Мұсылман ақсақалдары кеңесінің Бас хатшысымен кездесті

299 рет
көрсетілді

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Әбу Дабиде Мұсылман ақсақалдары кеңесінің Бас Хатшысы Сұлтан әр-Румейсимен кездесті. Кездесу барысында ұйымның Бас хатшысына биыл маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі хатшылығының кезекті отырысына шақыру табысталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ сұхбат барысында конфессияаралық диалогты нығайту мәселелері мен заманауи сын-тегеуріндерді еңсеру жолдарын іздестірудің маңыздылығы атап өтілді. Осы ретте Сұлтан әр-Румейси Қазақстанның толеранттылық пен әртүрлілікті дәріптеудегі көшбасшылық рөліне жоғары баға берді. Оның айтуынша, Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі дәстүрлі дін өкілдерінің басын қосып, ортақ проблемаларды талқылауға мүмкіндік беретін бірегей алаң болып табылады. 

Сонымен қатар кездесуге «Адамдар арасындағы бауырластық жөніндегі жоғарғы комитеттің» Бас хатшысы Мұхаммед Әбдел Салам қатысты. Халықаралық ұйымдардың өкілдері Қазақстандағы Съезд «бейбітшіліктің брендіне» айналғанын жеткізіп, алдағы Хатшылық отырысына белсенді түрде қатысатындықтарын растады.