• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Наурыз, 2020

Алматыда азық-түлік «ажиотажы»...

154 рет
көрсетілді

Дабыры алыстан естілген індеттің тарала келе Алматыдан табылуы соңғы күндері мегаполисте біраз қадамдардың, бұрын-соңды болмаған шешімдердің қабылдануына түрткі болды.

Ең бастысы, Алматы бірін­ші кезектегі қажетті азық-тү­лік тауар­ларымен, сондай-ақ бет­перде және залалсызданды­ру құралдарымен толық қамта­ма­сыз етілгені туралы қалалық әкім­­­дікте өткен баспасөз мәсли­ха­­тында қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мә­лім­деді. Өйткені карантин кезінде ас-сусыз қаламыз деп үрей­ленген тұрғындардың көп­ші­лігі үйіне тамақ тасуға көш­ке­нін көріп отырмыз. Осы дүр­мек­ке ілесіп, дүкендерде ұзын-сонар кезектердің пайда болуына үлесін қосып жатқандар да жет­кі­лікті. Сондықтан да ха­­лыққа алдымен сабыр керек. Алай­да сақтық шаралары сұ­рал­ғанына қарамастан, бет­пер­­де­сіз қалада жосып жүрген халық...

Сонымен С.Тұяқбаевтың ай­туынша, тұрақтандыру қо­ры­на шамамен 18 мың тонна әлеу­мет­тік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарлары сатып алынған. Бұл – қант, күнбағыс майы, қара­құмық, көкөніс, тауық еті. Бар­лық өнімдер Magnum және Small сауда желілері арқылы саты­лады. Алдағы уақытта тұ­рақ­­тандыру қорына қосымша қара­жат бөлінеді.

«Бізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бар­лық 19 түрін жеткізіп беру­ші­­лер бар. Біз бағасы және жет­­кізу көлемі туралы анықтап алдық. Сондықтан дүрбелең бол­мауы керек. Соңғы екі-үш күнде сауда желілерінде уа­қыт­ша осындай жағдайлар орын алды. Бірақ біз тауарларды уа­қы­­т­ында жеткіздік. Қаладағы қой­­маларда барлық қажетті зат­­тар бар», деді С.Тұяқбаев.

Қала әкімінің орынбасары азық-түлік қауіпсіздігі бойынша арнайы штаб құрылғанын, әр аудан әкімдігінің деңгейінде жауапты қызметкерлер анық­тал­ғанын мәлімдеді. Сондай-ақ бағаның негізсіз көтерілуі анық­талған жағдайда тиісті ша­ра­лар қабылданатынын алға тар­та келе: «Барлық мәселе ба­қы­­лауда. Бүгінгі таңда бізде ба­ға­ның көтерілуі бойынша қа­уіп жоқ. Тауарлардың негізгі бө­лі­гі – отандық өнім», деді.

Дәріханаларды бетперделер және залалсыздандыру құ­­рал­дарымен қамтамасыз ету­де қала әкімдігі отандық за­лал­сыздандыру құралдарын, са­ни­­та­й­зерлерді өндірумен айналысатын «Avrora Holding» және бетперделерді жеткізетін «Dolce Pharm» компаниясымен келі­сім­ге қол қойған.

Әкім орынбасарының ай­ту­ын­­ша, қала билігі 20-ға жуық ірі дәрі­ханалық желі­лерінің өкіл­де­рімен кездесу­лер өткізіп, бі­рін­ші кезектегі қа­жет­ті дәрі-дәрмектердің бағасын бақылау және оның жеткілікті көлемін қамтамасыз ету бойынша уағ­да­лас­­тыққа қол жеткізді.

Қала әкімдігінде белгілі бол­ғандай, қоғамдық көлік құрал­­да­­рын өңдеу күнделікті әрі мін­дет­­ті шараға жатқызылады. Бұл шара мемлекеттік және жеке авто­­көліктерге қатысты. Ав­то­­­көлік парктерінің сани­тар­­­лық жағдайын тексеру жүр­гі­­зі­леді. Талаптар орын­дал­ма­­ған жағ­дай­да олар жазаға тар­­­­тыл­мақ.

Сол сияқты Алматыдағы азық-түлік «дүрбелеңінен» кейін қала билігі өткізген бас­­па­сөз жиы­нында Кәсіп­кер­­лік және инвестициялар бас­қар­ма­­сының басшысы Еркебұлан Ора­за­лин «азық-түлік қоры жет­­кілікті, дүр­бе­лең­ге негіз жоқ» деп мәлім­де­ді.

Қала билігінің дерегінше, алма­ты­лықтар ай сайын 860 мың тонна әлеуметтік тауар тұ­ты­нады. Оның 240 мың тон­на­­сы Алматыда өндіріледі. 520 мың тоннаға жуық азықтың 90 па­йызы басқа өңірлерден ке­ліп жатыр. Ең бастысы, қан­дай жағдайда да қала билігі әре­кет­сіз отырған жоқ. Халық сабырлы болып, ақылмен әрекет етсе, құзырлы мекемелер өздеріне артылған міндетті орындап, мәселелерді реттеуге ұмтылып отыр.

 

АЛМАТЫ