• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Коронавирус 17 Наурыз, 2020

BI Group компаниясы дәрігерлерге 100 млн теңге бөледі

270 рет
көрсетілді

Бұл туралы компания басшысы Айдын Рахымбаев Facebook парақшасында жазды.

«Елімізде короновирус құрбандарының саны артқан қиын кезеңде ең ауыр әрі қауіпті жұмыс медицина қызметкерлерінің мойнына артылды. Halyk Bank бастамасын қолдай отырып, BI Group компаниясының атынан дәрігерлер мен барлық медицина қызметкерлеріне 100 млн теңге бөлінетінін мәлімдеймін.  Қиындық туғанда біріге алатын қазақтың қанында ғой. Ортақтасып, күш салсақ, бұл дертті де жеңе аламыз деп ойлаймын! Сіздерге сенеміз, істеріңізге сәттілік, достар!» деп жазды компания басшысы.