• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Наурыз, 2020

Ақтаулық студенттер қашықтан оқытыла бастады

217 рет
көрсетілді

Ақтаудағы іргелі мемлекеттік оқу орны - Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті короновирусқа байланысты қашықтан оқытуға көшті. Университетте Жоғары оқу орны үшін бұл тәсіл жаңалық емес, сондықтан қандай да бір қиындық туғызбаған. Өйткені, студенттердің қашықтан білім алуына жол ашқан «Универ» ішкі LMS жүйесі бірнеше жылдан бері қолданыста бар.

Қазіргі уақытта оқу орнында 8 мыңға жуық студент оқитын болса, оның бір мыңнан астамы қашықтан оқыту технологиясы бойынша білім алады. Бүгіннен бастап министрліктің бұйрығына сәйкес, жоғары оқу орнында білім алушылардың барлығы бірдей онлайн режимге көшірілді. Айта кетейік, бұған дейін 1-курс студенттері үшін тәжірибе түрінде өткен онлайн лекциялар өзінің тиімділігін байқатқан.

Студент пен оқытушының арасындағы қарым-қатынасы ішкі кампустағы сияқты болуы үшін Google Hangouts Meet деген платформасына көштік. Біздің университет Google платформасына 2017 жылдан бастап өткен соң осы платформа біз үшін ыңғайлы болды. Қазіргі жағдайда 350-ге жуық оқытушы-профессорлардың барлығы тікелей онлайн режимде қашықтан оқытуды жүргізіп жатыр. Оның жүзі алдын-ала осы қашықтан оқыту технологиясымен сабақ берген адамдар, дейді білім ордасының басшысы Берік Ахметов.