• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Білім 17 Наурыз, 2020

«Дарын» платформасында бір ай тегін білім алуға болады

752 рет
көрсетілді

Елімізде коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдайлар кезінде мектеп жасындағы балалар қашықтықтан білім алуда. Осы бір ай мерзім аралығында «Дарын» онлайн платформасы оқушылар үшін білім беру бағдарламасын тегін ұсынады.

Білім беру орталығының директоры Асқар Мақсатұлының айтуынша, «Дарын» платформасы Білім және ғылым министрлігімен мақұлданған стандартқа сәйкес жүргізіледі. Оған еліміздің барлық өңірлерінен оқушылардың қатысу мүмкіндігі бар.

2019 жылдың қазан айынан бергі аралықта жүзеге асқан жоба аясында 5-11-сыныптар бойынша 26 пән оқытылуда. 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін қолжетімді болып табылатын платформада білім алу тегін. Оқытушылар бейнесабақтар арқылы барлық тақырыптарды түсіндіреді әрі оқушыға әр тақырыпқа сәйкес он тест сұрағы беріліп, баланың ойлау жүйесін жетілдіруге байланысты тапсырмалар беріледі.

Тапсырма  нәтижесіне орай оқушы «Дарын» бонусына ие болады. Бонустар ішкі валютамен есептеледі, яғни 1 Дарын - 1 теңге. Мысалы, білім алушылар бір тақырып бойынша отыз бір «Дарын» жинап, Қазақстан бойынша рейтингке қатыса алады. Ал 30-40 мың жинаған оқушылар үшін «Дарынның» арнайы сыйлықтары бар. Сондай-ақ,  «Дарын» алған оқушылар ҰБТ-ны осы платформада онлайн тапсыру мүмкіндігіне ие. Жинаған балы арқылы қандай мамандыққа, қай қаладағы оқу орнына бара алатындығы жайындағы мәліметтермен «Анализ» қосымшасы арқылы таныса алады.

Ендігі кезекте 1-11-сынып аралығындағы барлық сабақтарды қосуды жоспарлап отырмыз деген орталық директорының айтуынша, «Дарында» республикалық, халықаралық олимпиада жеңімпаздары мен «Дарын» талапатарына сәйкес іріктелген сарапшылар білім береді. Әрбір пән орталық талаптарына сәйкес өткізіледі. «Дарын» ұстаздары басқа білім платформаларында сабақтар өткізбейді.

 

АЛМАТЫ