Сиэтлдегі Kaiser Permanente Washington Research Institute зерттеу орталығының ғалымдары жүргізген сынаққа 45 ерікті қатысты. Олардың әрқайсысына вакцина екі реттен салынатын болады. Препаратты қабылдау аралығы 12-18 ай. Препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігін анықтау үшін бірқатар зерттеу және сынақ шаралары жүруі қажет, делінген Associated Press мәліметтерінде. Сарапшылардың пікірінше, вакцинаны бір жарым жылдан кейін ғана пайдалану мүмкін.
АҚШ-тың Денсаулық институты мен Moderna Inc биотехнологиялар компаниясы дайындаған вакцинаның кодтық атауы - mRNA-1273. Келесі айдан бастап Inovio Pharmaceuticals компаниясы тағы бір вакцинаны сынақтан өткізбекші.
Бүгінде коронавирустың жаңа түріне қарсы Ресейде де вакцина әзірленуде. Санкт-Петербор ФМБА ғылыми-зерттеу институты мәліметтерінде осы айдың бастапқы кезінде барлық жастағы адамдарды қорғауға арналған вакцина әзірленіп жатқандығы айтылған болатын.
АЛМАТЫ