Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада енгізілген карантин режиміне қатысты пікір білдірді.
- Мен Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияға қалада карантин енгізу туралы ұсыныс енгіздім. Бұл шешім бір сағат бұрын қабылданды. Қалада карантин 19 наурызда түнгі сағат 00:00-ден бастап енгізіледі. Алматыдағы карантиннің басты мақсаты - инфекцияның таралуын тоқтату. Міндет қаланың сыртқы периметрін қатаң бақылауға алу және қала ішінде қатаң карантин режимін енгізу арқылы инфекцияның таралу жолын тоқтату, - деді Бақытжан Сағынтаев.