• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
23 Тамыз, 2013

Бір күнде екі жүлде

198 рет
көрсетілді

Кеше Қытайдың Нанкин қаласынан тағы бір қуанышты хабар келіп жетті.

Осы жерде жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ІІ Жазғы Азия ойын­дарында таэквондошы Фариза Алдоңғарова 55 килоға дейінгі сал­мақта күміс жүлдегер атанды. Ол ширек финалда бангладештік Фатиха Уммул Исламды 12:0 есебімен жеңсе, жартылай финалда өзбек қызы Динорохан Мамадибрагимованы 2:0 есебімен тізе бүктірді. Ал финалда, өкінішке қарай, филиппиндік Паулинелуз Лопеске 2:4 есебімен есе жіберді.

Осы күні тағы бір таэквондошымыз Ерасыл Қайырбек 53 килоға дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды.

Бұл екеуі Азия ойындарына лицензияны Азия чемпионатында жеңіп алған болатын.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».

Суретте: Фариза Алдоңғарова.