• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Наурыз, 2020

Алматыда індет белең алмауы үшін қандай іс-шаралар қабылданды?

170 рет
көрсетілді

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев мегаполисте карантин жариялануына байланысты қандай іс-шаралар қабылданғандығы туралы  хабарлады.

Алматы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының белең алып кетпес үшін төмендегідей жұмыстар атқарылуда:

Коммуналдық кәсіпорындарда брифинг, дабыл және штабтық жаттығулар жүргізілді. Барлық ауданда жылу, электр, су және газ құбырлары жүйелерінде қандайда бір төтенше оқиғалар орын алған жағдайда олардың үздіксіз жұмыс істеп тұруы үшін күні-түні кезекте тұратын төтенше бригадалар құрылып, арнайы техникалар және жұмысшы мамандар жасақталды. Кәсіпорынарда төтенше жағдайларда қалада жарық көзінің өшпеуін қадағалап отыратын басшылар арасынан жауапты тұлғалар тағайындалды. Барлық коммуналдық кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істейді. Коммуналдық кәсіпорындарда тұрғындарды жеке қабылдау тоқтатылды. Жұмыс орындарын санитарлық тазалау ұйымдастырылды. Жұмыскерлер медициналық бетперде, қолғап, антисептик және басқа да қорғаныс құралдарымен жабдықталды.

         «Алматы жылу жүйесі» ЖШС:

         – төтенше оқиғалар орын алар болса, қалада үздіксіз жылу беруді қаматамасыз ететін 12 төтенше бригада, 40 арнайы техника, 126 жұмыскер ұйымдастырылған.

         «Алатау жарық компаниясы» АҚ:

         – төтенше оқиғалар орын алар болса, қалада үздіксіз жарық беруді қаматамасыз ететін 17 төтенше бригада, 17 арнайы теника, 68 жұмыскер және 3 дизель-генератор ұйымдастырылған.

         ГКП «Алматы Су»:

         – төтенше оқиғалар орын алар болса, қалада суқұбырлары және сушығару жұмыстары үздіксіз атқарылуы үшін 58 төтенше бригада, 328 арнайы техника, 1038 жұмысрер және 10 су таситын машина ұйымдастырылған.

         «КазТрансГаз-Аймақ» АҚ:

         –  6 арнайы техникасы және 34 жұмысшысы дайын тұр.

         «Алматы қала жарық» МҚК:

         – 8 төтенше бригадасы, 20 арнайы техникасы және 80 жұмыскер ұйымдастырылған.

         «АлматыЖылуЭнерго» ЖШС:

         – 30 бірлік арнайы техникасы, 180 жұмысшысы дайын тұр.

         «Алматы электр стансалары» АҚ:

         – ТЭЦ-1, 2, ЗТК және Каскад ГЭС төтенше жағдайлар кезінде үздіксіз жұмыс істеп тұруы үшін 5 төтенше бригада, 20 бірлік арнайы техника, 76 жұмыскер күші ұйымдастырылған.

 

АЛМАТЫ