• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
23 Тамыз, 2013

Қазақстандық тұз – Ресей рыногында

284 рет
көрсетілді

Тамақтық тұз өндіруші «Аралтұз» кәсіпорнының ресми дистрибьютері болып табылатын «Сольтрест» ЖШС Ресейдің бүгінгі таңдағы ең ірі «Магнит» сауда желісіне өнім жеткізіп беру туралы келісімге қол қойды.

Тамақтық тұз өндіруші «Аралтұз» кәсіпорнының ресми дистрибьютері болып табылатын «Сольтрест» ЖШС Ресейдің бүгінгі таңдағы ең ірі «Магнит» сауда желісіне өнім жеткізіп беру туралы келісімге қол қойды.

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ-тың ықпал етуімен қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес 2018 жылдың соңына дейін компания көрші ел рыногына 250 миллион Ресей рублінің өнімін жеткізетін болады.

Осылайша, «Сольтрест» ЖШС ресейлік ритейлердің бас офисімен келісімшарт жасасқан алғашқы қазақстандық тұз өнімін жеткізуші болып отыр. Компания үшін бұл федеральдық рынокта өзіне ұзақ мерзімге орын табу және бүтіндей алғанда, қазақстандық тауарлардың әлеуетін көрсетуде айтарлықтай мүмкіндік болып табылады.

«Магнитпен» келісім жасамас бұрын ұзақ келіссөздер жүргізуге тура келді, бірақ «KAZNEX INVEST» АҚ-пен бірлесе отырып біз оған қол жеткіздік. Біздің компания қазақстандық тауарлардың ресейлік рынокта бәсекеге қабілетті екеніне және сауда орындарында жергілікті өнімдерді ығыстырып шығару қолынан келетініне тағы бір көз жеткізді. Біз бұл бағыттағы жұмыстарымызды одан әрі де жалғастыра бермекпіз. Мәселен, таяу уақыттарда қазақстандық тұзды Біріккен Араб Әмірліктері мен Жапония рыноктарына шығармақ ойымыз бар, дейді «Сольтрест» ЖШС-ның коммерциялық директоры Қайрат Алдабергенов.

«Егемен-ақпарат».