Тұңғыш Президент Кеңсесінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы күреске біркүндік жалақыларын аударды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі хабарлады.
- Пандемия төңірегіндегі ахуал халықты біріктірді. Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің қызметкерлері шетте қалмай, коронавирусқа қарсы күресу үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне өздерінің біркүндік жалақыларын аударды, - делінген хабарламада.