18 наурыз күні қараңғы түсе Орал қаласындағы Исатай батыр және Қазақстан көшелерінің қиылысында тұрған электр бағанасына 18 жасар бойжеткен өрмелеп шығып кетіп, біраз жұртты әбігерге салды.
Жоғары кернеулі электр желісі өтіп жатқан бағана болғандықтан, Орал қаласының Екінші жұмысшы поселкесі ауданына жарық беру уақытша тоқтатылды. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар тобының психологы Нұрмұхан Жұмағалиев жас қызбен сөйлесіп, оны өзіне қол жұмсамақ ойынан қайтаруға тырысты. Абырой болғанда іс насырға шаппады, бойжеткен райынан қайтып, жерге түсті. Ауруханаға жеткізілген оның денсаулығына қазір еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Батыс Қазақстан