Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.
Бұл коронавирус инфекциясының алдын алып, індеттің аймаққа таралмауы үшін жасалып отыр.
Қазіргі таңда «Скат» және «Аэрофлот» әуе компаниялары шетелге жолаушылар тасымалдайды. Қос компания 40 күнге дейін, сәуірдің 30-на дейін шет мемлекеттерге ұшуды тоқтататынын мәлімдеді.
19 наурыздан – 30 сәуірге дейін «Ақтау-Тбилиси-Ақтау»;
20 наурыздан – 29 сәуірге дейін «Ақтау-Астрахань-Ақтау»;
23 наурыздан – 30 сәуірге дейін «Ақтау-Махачкала-Ақтау», «Ақтау-Краснодар-Ақтау» әуе рейстерін тоқтатады. Мәскеу мен Ыстамбұлға ұшатын әуе кемелері де сәуірдің соңына дейін жұмысын тоқтатты. Тек 22-ші наурызда «Ақтау-Мәскеу-Ақтау» және 24, 26 наурыз күндері «Ақтау-Ыстамбұл-Ақтау» бағыты бойынша соңғы рейстер ұшатын болады.
27 наурыз күні Тбилисиге Ақтаудан бір рейс ұшады.
Осы рейстердің тоқтатылуына байланысты авиакомпанияларға айыппұлсыз және жолаушыларға толық көлемде авиабилеттерді қайтаруды ресімдеу ұсынылды. Авиабилеттерді қайтаруды рәсімдеу үшін жолаушыларға оларды сатып алу орны бойынша хабарласу қажет.
Маңғыстау облысы