• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2020

Алматы қаласындағы музейлер жұмысы уақытша тоқтады

643 рет
көрсетілді

Ендігі кезекте Алматы музейлері Facebook, Instagram, Youtube әлеуметтік желілерінде байланысқа шығады. «Біз бұл шешімді әлемде орын алып жатқан COVID19 вирусына қатысты соңғы жайттарға байланысты қабылдап отырмыз. Қызметкерлеріміз бен қонақтарымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігі біздің басты басымдығымыз болып табылады. Қазіргі уақытта музейлер өз есігін қашан ашатынын айта алмаймыз, алайда цифрлық каналдар арқылы сіздермен байланысты үзбеуге тырысамыз», деп атап өтті «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директоры А.Үмбеталиев.

Музейлер жабық тұрған уақытта келушілермен байланыста қалу үшін біз цифрлық мазмұнда жұмыс істейтін боламыз. Яғни, музейге келуді талап етпейтін жолдар арқылы музейлер коллекцияларымен, фото-видео материалдармен бөлісіп отырамыз.

Осыған орай, Facebook, Instagram, Youtube әлеуметтік желілерінде Алматы музейі – almatymuseum; Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі – ykhlas_museum; С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтың әдеби-мемориалдық музей кешені - muzey_s.g.m; Д.А. Қонаев музейі – museumkunaev; Н. Тілендиевтің мемориалдық музейі – tlendiyev_museum; Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы – multimedia_center арқылы музейлер қорымен танысуға болады.

Музейлердің жұмыс жоспарлары, көрмелер ашылғаннан кейінгі уақытта қарастырылады. Қосымша ақпарат алу үшін razvitiya.muzey.01@mail.ru және 267-59-05 телефон нөмірлері арқылы хабарласу қажет.

 

АЛМАТЫ