• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Наурыз, 2020

Ресейдің ұлттық электронды кітапханасында 450 000 диссертация қолжетімді

399 рет
көрсетілді

Операторы Ресейдің мемлекеттік кітапханасы болып табылатын Ұлттық электронды кітапханасы 450 000 диссертацияны пайдалануға мүмкіндік берді.

Диссертациялар Ұлттық электронды кітапхананың 15 мыңнан астам пайдаланушылары үшін қолжетімді. Бұл материалдарды тегін жүктеуге, пайдалануға болады. Диссертациялар мен авторефераттар, сондай-ақ кітаптардың 4,5 млн толыққанды мәтіндерін кез келген ресейлік пайдалана алады. Ресей мемлекеттік кітапханасының мәліметінше, кітапханалардың «экономиканың цифрлы экожүйесі» болуына толыққанды мүмкіндік бар. Ендігі кезекте арнайы бөлімдер мен мобильді қосымшаларды жетілдіру мүмкіндіктері қарастырылуда.

АЛМАТЫ