• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 19 Наурыз, 2020

Kaspi.kz 18 наурызға дейінгі алынған займдар бойынша төлемдерді шегерді

3700 рет
көрсетілді

Kaspi.kz басшылығы Kaspi клиенттері қосымша қандай ресми қолдау алатыны туралы мәлімдеді.

Каспий клиенттеріне қолайлы жағдай,  Kaspi-ге де жақсы. Сондықтан қаржы реттеушісінің шараларына қосымша клиенттерді қолдаудың жеке бағдарламасы іске қосылды. Сондықтан да жұмыссыз қалып, уақытша қаржылық қиындыққа тап болған клиенттерге ай сайынғы төлем 2 айға шегеріледі. Клиенттерді қолдау бағдарламасына өтінім Kaspi.kz қосымшасында 2 сәуірден бастап беріледі. Клиенттер қашықтықтан пайдалану үшін ұялы қосымша жасалған. Ол үшін 3 маңызды нәрсеге назар аудару керек: біріншіден, бағдарламаға қатысу үшін төленбеген қарызы болмауы керек; екіншіден, 18 наурызға дейінгі алынған займдар бойынша ғана төлемдер шегеріледі; егер кірістері міндеттемелерді қайтаруға жетпесе қазірден, бүгіннен бастап жаңа қарыз алмауы қажет; үшіншіден, бағдарлама аясында төлемі кейінге шегерілген адамдар қаржылық жағдайы жақсарғанша жаңа кредит ала алмайды. Бұл бірінші кезекте клиенттерге қамқорлық жасау және олардың қаржылық жағдайының нашарлауын болдырмау мақсатында жасалады.

АЛМАТЫ