• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 19 Наурыз, 2020

Қазақстанның қаржы секторы дағдарыс кезінде кәсіпкерлерді қолдайды

458 рет
көрсетілді

Қазақстанның қаржы секторының қатысушылары Үкіметтің және Қаржы нарығын реттеу мен дамыту жөніндегі агенттіктің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржылық қызметтерді тұтынушы – клиенттерді қолдауға бағытталған жедел шаралар кешенін әзірлеуін қолдады.

Өз тарапынан банктер келесідегі қолдадыу көрсетуге дайын екендіктерін растады:

ҚР- да төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты шектеулер нәтижесінде қарыз алушыларда туындаған төлемдердің мерзімін өткізіп алуда айыппұлдар мен өсімақылар есептелмейді. Жеке тұлғаларға осы шараны қолдану үшін банкке жүгінудің қажеті жоқ. ҚР Төтенше жағдай кезеңінде ҚР заңнамасына тиісті түзетулер қабылданғаннан және күшіне енгеннен кейін, төлеу мерзімі 90 күннен асатын мерзімді құрайтын жеке тұлғалардың кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша пайыздық сыйақыны есептеуді тоқтату. Осы шараны қолдану үшін банкке жүгінудің қажеті жоқ. Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты шектеулерді енгізу нәтижесінде қаржылық жағдайы нашарлаған жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілері үшін кредиттер бойынша міндеттемелерді орындау бойынша 90 күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдыру және берешекті өтеу кестесін қайта қарау мүмкіндігі жеке тәртіппен қаралатын болады.

Банктер қарыз алушылардың банктер көрсеткен ресурсқа немесе арнаға (электрондық пошта, «банк-клиент» онлайн жүйесі, банктің интернет ресурсы) жазбаша түрде жіберілген өтініштерін онлайн қарайтын болады. Әрбір банк үшін өтініштерді қабылдаудың бөлінген арнасы туралы ақпарат оның интернет ресурсында орналастырылады.

Өтінішті қарау барысында банк қажетті растаушы құжаттарды сұратады және қарыз алушыға қарау нәтижелері туралы хабарлайды.

Қазақстанның қаржы нарығына қатысушылар Үкімет пен қаржы секторының шараларын іске асыру нәтижесінде отандық бизнеске қажетті көмеккөрсетілетініне, сондай-ақ борыштық және салық ауыртпалығын төмендету, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы халық үшін әлеуметтік кепілдіктер қамтамасыз етілетініне сенімді.

 

АЛМАТЫ