Азаматтық авиациялар комитеті рейстердің тоқтатылуына байланысты жолаушылардың билеттері қайтарылатындығы жайында мәлімдеді.
Апта ішінде Алматыдан ұшатын 18 бағыттағы Нұр-Сұлтан, Балқаш, Көкшетау, Петропавловск, Тараз, Шымкент, Жезқазған, Қарағанды, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар, Семей, Үржар, Ақтау, Атырау, Ақтобе, Қостанайға ұшатын 295 тұрақты рейстер тоқтайды.
Авиакомпания төтенше жағдайда туындаған ахуалға байланысты билеттерді толыққанды құнымен, еш айыппұлсыз қайтарады. Комитет басшылығы 22 наурыз түнгі 12-ден кейін жолаушыларға әуежайға келмеу туралы ескертті.
Карантинге байланысты Алматы қаласындағы барлық бекеттер 22 наурыздан жабылады.
АЛМАТЫ