Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Елубай Өмірзақов атындағы филармония әртістері облыс тұрғындарына мерекелік онлайн концерт тарту етеді.
- Филармонияның жекелеген әртістері Наурыз қарсаңында филармонияның аккаунты арқылы желіде онлайн-концерттер беру туралы бастама көтеріп, біз оны қолдап отырмыз. Бұл концерттер, біріншіден, филармонияның аккаунтында тікелей эфирде өтеді. Содан кейін оны облыстық телеарна жазып алып, мереке күндері өз эфирі арқылы қайталап көрсетеді. Мұны әркім әрқалай түсінер, кейбір ағайын осылай дүрлігіп жатқанда концерттің керегі не деуі мүмкін. Бірақ қазір халықтың көбі үйде отыр, балаларымен демалыста отырғандар бар, оның үстінде қазіргідей індет тарап жатқан жағдайда алаңдап отырған елдің көңілін сергітіп, демеу көрсетуіміз керек. Басты мақсатымыз – осы. Бұл жерде әңгіме тек қана жекелеген солистер туралы болып отыр. Олардың концерт беру кестесін жасадық, кемінде 4-5 концерт береміз, - деді Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.
Наурыз мерекесі қарсаңында облыс тұрғындары Манап Қадыров, Талғат Молдағалиев сияқты дәстүрлі әншілер мен жекелеген күйшілердің өнерін тамашалайтын болады.
Қостанай облысы