Бейсенбі күні Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен елдің агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту мәселелері талқыланған селекторлық режімдегі кеңес болып өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Бейсенбі күні Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен елдің агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту мәселелері талқыланған селекторлық режімдегі кеңес болып өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Оған мемлекеттік органдардың, ірі ауылшаруашылық құрылымдарының, аграрлық ассоциациялар мен одақтардың басшылары, ғылыми орта өкілдері қатысты.
АӨК-ті дамыту жөніндегі жаңа «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары бекітілген жоспарлар шеңберінде жүргізілуде, деді Үкімет басшысы. Ол 2013 жылдың ұйымдастыру жылы болып табылатынын, займдарды кепілдендіру мен сақтандыру, инвестициялық субсидиялар, сатып алу бағаларын кепілдендіру сияқты мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері қолданыстағы заңнамаларға тиісті өзгертулер енгізілгеннен кейін, 2014 жылдан бастап жұмыс істейтін болады, деп атап өтті ол.
Саладағы жағдай, жаңа «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасының орындалу барысы, оның тетіктері мен құралдары туралы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков баяндады. Ол АӨК-ке мемлекеттік қолдау көлемін 4,5 есе арттыру қарастырылып жатқанын, оны жүзеге асыру кезеңінде салаға 10 триллион теңгеден кем емес жеке қаржылар тартылатынын атап өтті.
Бағдарламаның негізгі мақсатты индикаторлары қатарында қаржылық сауықтыру, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің АӨК субъектілері үшін қолжетімділігін арттыру, АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі дамыту, саланы мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру сияқты шаралар бар.
А.Мамытбековтің айтуынша, қаржылай сауықтыру үшін министрлік АӨК субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақыларының ставкаларын субсидиялау ережелерін бекіткен, жергілікті жерлерде түсінік жұмыстары жүргізіліп, анықтамалар алу үшін call-centr ашылған (тел.8 800 080 7080). Министр сондай-ақ, займдарды кепілдендіру мен сақтандыруды, субсидиялау ережелерінің өзгеруін, нормативтік-құқықтық базаның жетілдірілуін де мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдары ретінде атады.
Сол сияқты, министр ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, АӨК саласында мемлекеттік қызмет көрсетулерді дамыту жөніндегі шаралар туралы да хабарлады. Он бір қызметті автоматтандыру жоспарлануда, қызмет көрсетудің нормативтік мерзімдері 60-тан 15 жұмыс күніне дейін немесе 25 пайызға, құжаттардың нормативтік саны 12-ден 4-ке дейін немесе 33 пайызға қысқаратын болады деді А.Мамытбеков. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығының әрбір кіші салаларын дамыту бойынша көрсеткіштерді жылдарға және облыстар бойынша бөле отырып 15 шеберлік-жоспар әзірленген. Құжаттар келісім алу үшін облыс әкімдеріне жіберілген.
Кеңесте, сондай-ақ, «Иволга-Холдинг» ЖШС басшысы В.Розинов, «Заречный» ЖШС басшысы В.Двуреченский, «Ижевское» ӨК басшысы И.Жанғоразов, «Актеп» ӨК басшысы Ш.Сағыналиев, «Тұрар» ӨК басшысы К.Оспанов, «Прокоп» ӨК басшысы Г.Прокоп, «Қазақстанның Құс өсірушілері одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Р.Шарипов, «Қазақ мақта ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы С.Бақтыбаев, «Қазақстан Фермерлері одағының» вице-президенті А.Абдукалимов, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғ.Қалиев сөз сөйледі.
Кеңес қорытындысында Үкімет басшысы «Агробизнес-2020» бағдарламасының Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын жүйелі дамытудағы маңызын айта келіп, бағдарлама жобасының бір жыл бойы ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің және аграрлық қауымдастықтың қатысуымен талқыланғанын және оған Мемлекет басшысының қолдау білдіргенін атап көрсетті.
Үкіметке АӨК-ті дамыту мәселелері жөніндегі осы саламен айналысып жүрген барша жұрттың, кәсіпқойлардың пікірлерін білудің маңызы зор. Бүгін қызықты ұсыныстар айтылды, біз оларды қарастырып, тиісті шаралар қабылдайтын боламыз, деді Премьер-Министр.
Үкімет басшысы бірқатар ұсыныстар мен ескертулерге түсінік бере отырып, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді дамыту мәселелеріне назар аударды. АӨК-тегі ірі бизнес өңдеуші саланы өзінің қанатының астына алуы тиіс, ол үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда, олар агроөнеркәсіп өндірісінің көптеген перспективалы бағыттарын қамтитын бағдарламада қарастырылған, деді осыған орай С.Ах метов.
Үкімет басшысы бағдарламаны жүзеге асырудың нақты механизмдеріне енгізу үшін айтылған барлық ұсыныстарға талдау жасап, оларды пайдаға асыру жөнінде тапсырма бере отырып, оның табысты жүзеге асатынына, бүтіндей алғанда елдің агроөнеркәсіп кешенінің нығая түсетініне сенім білдірді.