Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы өкілі Диас Ахметшәріп коронавирус індетін жұқтырған 5 адамның кімдер екенін айтып берді.
Қарағанды қаласында коронавирус жұқтырған екі адам тіркелді. Олар 1972 және 1971 жылы туған Қазақстан азаматтары. Екеуі де 0324 рейсімен Минск-Қарағанды ұшағымен ұшып келген. Сол сияқты Алматы қаласы бойынша 3 адам тіркелді. Оның біріншісі Берлин қаласынан ұшып келген 1979 жылғы әйел адам. Екінші азамат 1997 жылы туылған ер адам, Франциядан ұшып келді. Сондай-ақ үшінші науқас 1982 жылғы әйел адам. Қазір барлығының денсаулықтары жақсы.
Осы сағатта Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, Қарағанды қаласында - 2 адам, жалпы 49 науқас тіркелді. Қайтыс болғандар жоқ.