• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Бизнес 20 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтан мен Алматыда кәсіпкерлерді қолдау штабы ашылды

98 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының палаталары жанынан Кәсіпкерлерге көмек көрсету жөніндегі штабтар құрылды, деп хабарлайды «Атамекен» ҰКП Баспасөз қызметінен.

Штабта  кәсіпкерлер төмендегі мәселелер бойынша кеңес ала алады:

Жүк тасымалы (азық-түлік және медициналық тауарлар); жергілікті атқарушы органдар және кәсіпкерлік субъектілеріне тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етуде көмектесу; жұмыспен қамту; жұмыссыздарды қайта оқыту және кәсіби бағдарлау; форс-мажорлық жағдай туралы сертификат алу; салықтар; екінші деңгейлі банктермен несиелерді төлеу бойынша кейінге қалдыру/демалыс беру бойынша өзара қарым-қатынас; әлеуметтік маңызды азық-түліктік тауарларға бағаларды мониторингілеу.

Кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін басқа сұрақтар бойынша Call-орталыққа 1432 9:00-ден 22:00-ге дейін хабарласуға болады.

Нұр-Сұлтан қаласында:  8 7172 91 90 80 (18.30-ға дейін)

Алматы қаласында: 8 7273 31 01 33 (18.30-ға дейін)