• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Наурыз, 2020

Германия халқының 70 пайызы вирус жұқтыруы мүмкін

158 рет
көрсетілді

Германия Канслері Ангела Меркель  коронаиврусты ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейінгі үлкен қасірет деп атап өтті. Германия азаматтарын коронавирус салдарының алдын алуға шақырған Канслер оның таралуына бей-жай қарауға болмайтынын жеткізді. Сондықтан да бұл жағдайда бірлескен іс қимылдар қажет, деп мәлімдейді DW.

Бүгінде Германия Еуро одаққа мүше емес елдермен шекарасын жапқан. Канслер қазіргі кезде ел үкіметі төтенше жағдайда жұмыс істеп жатқандығын жеткізіп, ел жұртшылығын вирусты бірлесе жеңуге шақырды.

Денсаулық сақтау саласы сарапшыларының болжамы бойынша вирус жұқтырғандар санының 10 миллионға жетуі мүмкін. Осы аптада COVID-19 вирусын жұқтырғандар Джон Хопкинс зерттеу орталығы мәліметі бойынша 12 000 мыңға жеткен. Бұдан бұрын Меркель бүгінде 83 миллионға жуық халқы бар Германияның 70%-вирус жұқтыруы мүмкіндігін айтқан болатын.  

АЛМАТЫ