• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Коронавирус 20 Наурыз, 2020

Елордада коронавирус жұқтырғандардың 68 пайызы 30-49 жас аралығында

292 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі 30-49 жас аралығында екенін айтты.

«Елордада қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған 25 адам тіркелді. Оның ішінде 17 жағдай немесе науқастардың 68 пайызы - 30 бен 49 жас аралығында, 4 оқиға - 50-59 жас, 3 оқиға - 18-29 жас аралығында және бір оқиға - 14 жастағы жасөспірімде кездесті. Қазір олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Дене температуралары бірқалыпты»,  деді Сәуле Қисықова.