• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Руханият 20 Наурыз, 2020

«Қорқыт» орындаған «Ғасырлар маржаны»

365 рет
көрсетілді

Биыл Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толып отыр. Баба мерейтойы аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» дәстүрлі саз тобының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек ұлы әл-Фарабиге арнап «Ғасырлар маржаны» атты күй шығарды.

Аталған аспаптық шығармада автор әл-Фараби өмір сүрген орта ғасырлардың рухын жеткізуге тырысқан. Əл-Фарабидің шығыс аспаптарында тамаша ойнап, канун музыкалық аспабын ойлап тапқаны белгілі. «Ғасырлар маржаны» музыкалық шығармасы да дәл осы канун аспабымен орындалады. Бұл туралы күй авторы Шолпан Қорғанбек:

«Мен өз музыкамда канунның дыбысын сол кездегі атмосфера мен музыкалық бейнелерді  жеткізу үшін қолдандым.

Ойшыл ғалым музыканың тек теориясын зерттеп қана қоймаған. Ол сондай-ақ тəжірибе жүзінде де қолданып, көптеген аспаптарда тамаша ойнаған. Оның шебер орындаушылығы жөнінде Шығыс халықтары арасында күні бүгінге дейін айтылып жүрген көптеген аңыздар бар.

Астрономия, логика, музыка және математика теориясы, әлеуметтану және этика, медицина және психология, философия ғалымның өзін дәлелдеген салалары. Сондықтан да оның даналығы мен дүниетанымы шығыстық орта ғасырлар музыкасына тән үнмен жеткізілді.

Шығарманы алғаш рет «Корқыт»  этно-ансамблі орындады. Ал шығарманың негізгі  мазмұны саналатын канун аспабын Гүлдана Нұрабаева ойнап шықты», деп өз ойын білдірді.