• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Коронавирус 20 Наурыз, 2020

COVID-19: Сыртқы істер министрлігінде тәулік бойы жедел штаб жұмыс істейді

176 рет
көрсетілді

Біздің дипломаттар шетелде жүрген Қазақстан азаматтарынан күнделікті келіп түсетін жүздеген хабарламалар мен телефон қоңырауларын өңдейді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

- Атап айтқанда, азаматтар консулдық мәселелер және оларды отанына қайтару бойынша Қазақстан Үкіметі қабылдаған шаралар бойынша кеңес алады. Біздің азаматтарымыздың елге оралуы – СІМ жұмысының негізгі басымдығы. Қазіргі таңда әлемнің 23 елінен 1285 азамат Қазақстанға оралуға ниет білдірді, - делінген хабарламада.

Жедел желінің байланыс телефондары:+7 (7172) 720 046, +7 (7172) 720 047, +7 (7172) 720 549.