• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Наурыз, 2020

5 000 дәрігер ұялы байланыс және интернет қызметін тегін қолданады

250 рет
көрсетілді

5 000-нан астам қазақстандық дәрігер «Қазақтелекомның» тегін ұялы байланыс және интернетін пайдалануда.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты «Қазақтелеком» компаниялар тобы Денсаулық сақтау министрлігімен меморандумға қол қойған болатын. Оның нәтижесінде 5 000-нан астам қазақстандық медицина қызметкерлері ұялы байланыс және интернет желісін тегін пайдалануда. Құжатқа қол қоюды еліміздің ең ірі телекоммуникациялық операторы, Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп қолға алған.

Президент жариялаған төтенше жағдай кезеңінде «Қазақтелеком» компаниялар тобының Денсаулық сақтау секторын қолдауға бағытталған шаралары осындай болып отыр. Атап айтқанда, эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі кезеңінде іске қосылған 5 000-нан астам медицина қызметкерлеріне тегін ұялы байланыс және Tele2, Altel, Kcell/activ желілерінде Интернет желісіне қол жеткізіледі.

«Қазақтелеком» АҚ Қоғаммен байланыс қызметінен мәлім болғандай, «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Е.Құсайынов компаниялар тобына кіретін мобильді операторлардың осы сервистерді ұсынуға дайын екендігін айтып, мемлекет пен бизнестің коронавирусқа қарсы күрестегі ортақ күш-жігері, сапалы үздіксіз байланыс пен Интернет желісіне қажетті көлемде қолжетімділікті қамтамасыз етілетіндігін атап өткен болатын.  

Ал «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қ.Есекеев «Қазақтелеком» компаниялар тобы қалыптасқан жағдайдың барлық күрделілігін және коронавирусқа қарсы күрестің алдыңғы желісінде тұрған медицина қызметкерлері үшін кепілдендірілген үздіксіз коммуникацияның маңыздылығын түсіне отырып, осы шешімді қабылдады. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігінен медициналық қызметкерлердің деректерін алу және бастаманы үйлестірудің жедел жүзеге асып жатқандығын жеткізген болатын.  

Ауру жағдайлары анықталған елдердің тәжірибесі бойынша медициналық қызметкерлерге түсетін жүктеменің бірі коммуникация құралдарымен қатысты болған. Осы орайда үздіксіз байланыс арналары болған кезде ғана медицина қызметкерлерінің іс-қимылдарын жедел үйлестіріледі. Бұл бастама 90 күн бойы қолданыста болады. 

АЛМАТЫ