• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Наурыз, 2020

Алматыда ұлттық және демалыс саябақтары уақытша жабылды

318 рет
көрсетілді

Коронавирустың бұдан әрі таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылдың 21 наурызынан бастап Алматы қаласы аумағындағы барлық ұлттық саябақтар мен демалыс саябақтары уақытша жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Алматылықтар карантин кезінде Тұңғыш Президент саябағына, Орталық мәдениет және демалыс саябағына, 28 Панфиловшылар паркіне, Family Park, Ботаникалық баққа, «Қиял әлемі» саябағына, Алматы зообағына, Алма-арасан және өзге де адам қарасы көп жиналатын орындарға барудан бас тартулары қажет.

Бұрын қалалық әкімдіктің шешімімен Медеу, Шымбұлақ, Пионер, Көк-Төбе, сонымен қатар, COVID-19 эпидемиологиясының тұрақтануына дейін Алматы мен Алматы агломерациясына ішкі туризм бойынша турлар мен экскурсиялар өткізетін туристік ұйымдардың қызметі тоқтатылатындығы хабарланған болатын.

Сондай-ақ, Туризм басқармасы туроператорларға коронавирус тіркелген қауіпті санаттағы елдерге қатынайтын және сол елдерден бізге келетін турларды уақытша тоқтату туралы ұсыныс білдірген болатын. COVID-19 бұдан әрі таралуының алдын алу мақсатында адам көп жиналатын орындардағы сақтық шараларын қатаң қадағалау туралы нұсқаулықтар таратылды.

АЛМАТЫ