• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Наурыз, 2020

ДДСҰ басшысы тест жасау арқылы вирустың алдын алуға болатынын ескертті

202 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус үйде оқшауланып, жеке бас тазалығын сақтау вируспен күрес үшін жеткіліксіз екендігін айтып, адамзат басына келген тажал вирусын тоқтатудың бірден-бір жолы сынама өткізу екендігін атап өтті.

«Барлық елдер мейлінше шараларды қолдануы қажет. Ең тиімдісі – вирус жұқтырудың алдын алу, яғни сынама алып, оқшаулау. Егер де біз кімге жұққанын дер кезінде анықтай алмайтын болсақ, онда вирусты да жою мүмкін емес» деді ДДСҰ басшысы.

Сондықтан ДДСҰ әлем елдеріне өз азаматтарын үздіксіз тексеру қажет, деген қарапайым ғана үндеу жолдайды. Әр мемлекет тест жасаудың қанашалықты тиімді екенін осы эпидемиямен күрес барысында көз жеткізетіні анық.

 

АЛМАТЫ