• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Наурыз, 2020

Қызылордада жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы ұсталды

1106 рет
көрсетілді

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Өз қатарының тазалығын қамтамасыз ету саясатын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 20 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Өзіндік қауіпсіздік департаментімен Агенттіктің 3-нші департаменті (жедел) басшысының міндетін уақытша атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді басталды. Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп, қазіргі таңда Қызылорда қаласында уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық істі тергеу Агенттік төрағасының жеке бақылауында. Өзге ақпарат ҚР ҚПК сәйкес жария етуге жатпайды», делінген ақпаратта.