• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Наурыз, 2020

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 42 адамға жетті

461 рет
көрсетілді

Өзбекстанда вирус жұқтырғандардың саны артып келеді. Ел үкіметі коронавирустың таралмауы үшін аянып қалмауда. Ертеңнен бастап медициналық маска тақпағандарға айыппұл салынады. 

Яғни 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым салынып отыр. 25 наурыздан бастап бұл талапты бұзған адамға 223 мың сум, яғни 23 доллар (1 базалық есептік мөлшерлеме) көлемінде айыппұл салынады. Егер талапты қайталап бұзса 3 базалық есептік мөлшерлеме көлемінде (669 мың сум - 70 доллар) айыппұл салынбақ.