• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Наурыз, 2020

Қызылорда: Жалған ақпарат таратқаны үшін жауап беріп жатыр

1005 рет
көрсетілді

Қызылорда полицейлері облыстың үш тұрғынын WhatsApp мессенджері арқылы жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартты. Бұл туралы  Polisia.kz сайты хабарлайды.

Жалған ақпарат таратып, жұртты дүрліктіргендердің екеуі облыс орталығынан анықталған. Үшіншісі Жаңақорған ауданының тұрғыны болып шықты. Ол желі арқылы «Ауданда 3 адам коронавирус дертіне шалдықты» деген хабар таратқан. Күдіктілер өз әрекеттерін толық мойындап отыр.

Барлық фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 4-бөлігімен тіркелді.  

- Мұндай фактілерді анықтау үшін күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізілуде және жалған ақпарат таратқандарды анықтайтын қажетті техникалық мүмкіндіктер бар, – деді облыстық полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.