• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Президент 23 Наурыз, 2020

Негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеу тоқтатылады - Президент

1146 рет
көрсетілді

Төтенше жағдай кезінде халықтың барлық қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеу тоқтатылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтты.

«Төтенше жағдай кезінде айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге қабылданған тыйым салудан басқа, халықтың барлық қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру керек. Банктерден түсіністік пен азаматтық ынтымақтастықты күтемін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ ол банктік емес ұйымдарда тәртіп орнату маңыздылығын атап өтті.

«Қазіргі жағдайға байланысты көптеген азаматтар ломбардтарға жүгініп, онлайн кредиторлар мен микроқаржы ұйымдарынан кепілсіз несие алуы мүмкін. Сондықтан осы секторда тәртіп орнату өте маңызды. Азаматтарды алдау орын алмауы қажет. Қаржы нарығын реттеу мен дамыту жөніндегі Агенттікке, Бас прокуратураға, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне заңнаманың сақталуын тексеру жөнінде ауқымды акция өткізуді және заң бұзушыларды көрсетіп, оны БАҚ пен әлеуметтік желілерде кеңінен жария етуді тапсырамын. Қазақстандықтар осынау қиын жағдайда олардың құқықтарын мемлекет қорғайтынын білулері қажет», деді Мемлекет басшысы.