• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Наурыз, 2020

Қазақстанда визасыз мемлекеттер азаматтарының мерзімі ұзартылған

143 рет
көрсетілді

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің мәліметтері бойынша Президент жанындағы төтенше жағдайларды қамтамасыз ету комиссиясы ағымдағы жылдың 20 сәуіріне дейін Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік азаматтардың визасын ұзарту туралы шешім қабылдаған. Бұл шешім визасының мерзімі аяқталған шетелдіктерге қатысы жоқ. Сондай-ақ елдегі төтенше жағдайға байланысты шетелден де келетіндерге рұқсат етілмейді.

СІМ мәліметтеріне сәйкес, бұрын қолданыста болған ережеге сәйкес Қазақстан аумағындағы 57 елдің азаматтарының мерзімі  30 күнге ұзартылған. Жаңа ереже Қазақстанда COVID-19 коронавирусының таралуына бағытталған шаралармен байланысты қабылданған.

Қазіргі жағдайда шетел азаматтары мен қазақстандықтардың оралуына байланысты халықаралық әуе рейстері қысқарып, шектелген.