Полиция материалдары негізінде мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 15 істі қарады. Бұл туралы Алматы полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
– ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы 6 тармағы бойынша (төтенше жағдай кезінде карантинді бұзу) - 3 (кафе иелері Х.Р.Касанов және М.Б.Алахвердиев, «Восход» СҮ-нің иесі С.Н.Абубакир);
– 476 бабы 1 тармағына сәйкес (төтенше жағдай кезінде кірудің және шығудың арнайы тәртібін бұзу) – 11 (такси жүргізушілері мен жолаушылары - Б.К.Сатиев, А.О. Изатов, Н.О.Керембаев, Е.Е. Еділбаев, Б.У.Сарсенов, Е.М.Кулназаров, Б.К.Усканова, А.М.Баймолда, сотталушылар 22.03 – М.Ж.Есбаев, К.Т.Базарбаев, Н.Т.Ермекбаев.
Сот шешімімен бұл адамдарға 5-тен 10 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.