• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Коронавирус 24 Наурыз, 2020

Алматыда тағы бір адамнан коронавирус табылды

531 рет
көрсетілді

Алматы қаласында тағы бір азаматтан коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.

Осы сағатта Алматы қаласында – 29 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 34 адам, Қарағанды қаласы бойынша 2 адам, Алматы облысы бойынша 1 адам, Ақтөбе облысы бойынша 1 адам, жалпы 67 науқас тіркелді.

Айта кетейік, 24 наурызда Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 381 287, өлім саны - 16 563, айыққандар саны - 100 484 адам болды.