• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Наурыз, 2020

Елімізде ТЖ режимін бұзған 64 адам қамауда - министр

150 рет
көрсетілді

Елімізде төтенше жағдай режимін бұзған 64 адам қамауға алынған. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

«Бірден айтайын, азаматтарымыздың басым бөлігі төтенше жағдай режимі талаптарына түсіністікпен қарайды. Дегенмен, барлығы бірдей олай ойламайды. Негізінен заңбұзушылықтар Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 476-бабы бойынша орын алуда. Жауапкершілік шарасы - 10 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 15 тәулікке қамау» деді министр.

Оның айтуына қарағанда, шектеулерге қарамастан барлық өңірде тойлар мен жиындар, салтанатты шаралар өтіп жатыр. Дәмханалар мен интернет-клубтар, балаларға арналған үйірмелер жұмыс істеп тұр. Осындай 313 дерек анықталған. 94 адам жауапқа тартылып, оның 64-і қамауға алынған.