• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Президент 25 Наурыз, 2020

Президент азаматтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды

301 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Бұл туралы Президент өзінің твиттер парақшасында жазды.  

«Азаматтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамын. Сары уайымға салынуға болмайды. Көңіліміз көтеріңкі болып, жарқын болашаққа сенуіміз керек. Басты тойларымыз әлі алда. Коронавирусқа шалдыққандарға қажетті ем жасалады. Азаматтарға, бизнеске материалдық қолдау көрсетіледі», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Ұлттық биотехнология орталығында болып, коронавирусты аз уақытта анықтайтын тест жүйесімен танысты.