71 жастағы ханзада Чарльздан COVID-19 анықталды. Бұл туралы Sky News сарай мәлімдемесінде айтылды.
"Уэльский ханзадасының коронавирусқа тесті оң нәтижені көрсетті" делінген басылымда.
Басылымның мәліметінше, II Елизаветаның ұлы Уэльский ханзада Шотландиядағы үйінде оқшауланып, бірнеше күн бойы қашықтан жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ одан ауру белгілері жеңіл түрде байқалып жатқаны хабарланды.
Оның жары Камилла, Корнуольская герцогиниясына да талдау жасалды, коронавирус анықталған жоқ.