Қалалық жедел штабтың хабарлауынша, Мәскеуде вирус жұқтырған екі қарт адам қайтыс болды.
«Пациенттердің жасы 88 және 73-те болған. Олардың коронавирусқа алынған қан талдамалары оң нәтиже көрсетті. Сондай-ақ оларға пневмония диагнозы қойылған болатын. Ілеспелі патологиялары болды» делінген хабарламада.
Қалалық жедел штаб қарт адамдар мен созылмалы аурулары бар адамдарға өзін-өзі оқшаулау режимін мүлтіксіз сақтау қажеттігін ескертті.
Ресейде соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны 650-ге жетті. 29 адам індеттен айықты.