• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Наурыз, 2020

«Бала дауысы»: Бесінші маусымның іріктеу кезеңі қашықтан өтеді

243 рет
көрсетілді

26 наурыз бен 25 сәуір аралығында Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән конкурсының бесінші маусымының қашықтан іріктеу кезеңі өтеді. Конкурстың ұйымдастырушылары 8-12 жас аралығындағы балаларды еліміздің ең ауқымды музыкалық жобасының қатысушысы болуға шақырады.

Онлайн-іріктеу турына қатысу үшін өтінімді толтырып, кез келген тілде және кез- келген жанрда екі-үш ән үзінділері орындалған бейнесін жіберуі қажет. Іріктеу турының қорытындысы бойынша 17 финалист анықталады, олар маусым айының басында Алматы қаласына шақырылатын болады.

«Бала дауысы» - бұл әлеуметтік жоба, оның барлық кезеңдеріне қатысу тегін, ал оның жеңімпаздары мен жүлдегерлері еліміздің музыкалық оқу орындарында білім алуға гранттар мен ертегілер әлемі - Диснейлендке жолдама алады.

Байқаудың ұйымдастырушылары - Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры.

Толық ақпаратты Конкурстың ресми www.baladauysy.kz сайтынан біле аласыздар. Өтінімдер www.notka.kz сайтында  26 наурыздан бастап қабылданады.