• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Наурыз, 2020

Түркістан: Өзбекстан азаматы есірткімен ұсталды

320 рет
көрсетілді

«Жібек – жолы» бақылау бекетіндегі шекарашылардың иісшіл иті Өзбекстанға қарай өтіп бара жатқан азаматты айналшықтап тұрып алған.

Сақшылар «Имерек» деп ат қойған, мазасызданып, тыным таппаған иттің әрекетін бақылап тұрған полицейлер де әлгі азаматтың қимыл -қозғалысынан күдіктенеді. Сөйтіп тексере келе, аяқ киімінің ішінен есірткіге ұқсас жасыл түсті затты тапқан.  

Сараптамаға жолданған зат 1,5 грамм кептірілген марихуана болып шықты. Өзбек азаматы қамауға алынған. Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің полицейлері аталған жәйтке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

 

Түркістан облысы