• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
27 Тамыз, 2013

Ауыл және кәсіпкер

260 рет
көрсетілді

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «Агроөнеркәсіп кешеніндегі не­сие серіктестіктері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі несие се­рік­тестіктері жүйесін қолдау және дамыту туралы меморандумға қол қойды.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «Агроөнеркәсіп кешеніндегі не­сие серіктестіктері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі несие се­рік­тестіктері жүйесін қолдау және дамыту туралы меморандумға қол қойды.

Биылғы жылғы ақпан айында Қазақстанда ауылдық жерлердегі биз­нестің дамуын қар­жы­ландырумен айна­лысатын несие серіктес­тік­терінің басын қо­сатын жаңа қоғамдық ұйым – «Агроөнеркәсіп ке­шеніндегі несие­ серіктестіктері қауым­дас­ты­ғы» заңды тұлғалар бірлестігі құрылды. Аталған қауымдастық – коммерциялық емес ұйым, сондықтан ол мемлекеттік және басқа да құрылымдар алдында несие серіктестіктерінің қызығушылығын қорғаумен айналысатын болады. Қауымдастық несие серіктестіктерінің өз қатысушыларына арналған толық қызмет көрсету жүйесі бар жеке қаржылық институт ретіндегі даму стратегиясын жүзеге асырады.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында осы шараларға бағытталған меморандумға қол қойылды. Бұл құжатқа сәйкес, тараптар несие серіктестіктерін бірге дамытумен қатар, осы шараларға қажетті ақпараттарды алмасумен де айналысатын болады.    

Бүгінде қауымдастық құрамын­да 7 214 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бар 124 несие серіктестіктерінің басын біріктіріп отыр. Тағы 42 несие серіктестігі қазірде қауымдастыққа мүше болу үшін құжаттарын әзірлеп жатыр. Қауымдастықтың негізгі мақсаты – бұл ауылдық жерлердегі кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мен оның инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады.

Нияз ЖЫЛҚЫБАЕВ.