Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов Бельгия корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Даниел Бертранмен кездесті.
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов Бельгия корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Даниел Бертранмен кездесті.
Сенат Төрағасының орынбасары Қазақстан-Бельгия қатынастарын дамытудағы Д.Бертранның елеулі үлесін атап өтті.
Қазақстан мен Бельгияның арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнағанына 20 жыл толып отыр. Осы жылдарда жүйелі саяси үнқатысу қалыптасты. Парламентаралық ынтымақтастық оның маңызды құрамы болып табылады, деп атап өтті Қ.Ищанов.
Екі елдің парламенттерінде достық тобы қызмет етеді. Төраға орынбасары осы жылдың күзінде «Бельгия-Қазақстан» достық тобының жетекшісі Де Кроо мырза бастаған бельгиялық депутаттардың сапары парламентаралық үнқатысуға қосымша серпін беретініне сенім артты.
– Қазақстан Парламентінің депутаттары бельгиялық әріптестерімен екіжақты ынтымақтастықты нығайтумен бірге ЕҚЫҰ, НАТО және Еуропа Кеңесінің парламенттік ассамблеялары секілді халықаралық парламенттік ұйымдармен көпжақты байланыстарды дамытуға ниеттеніп отыр, – деп атап өтті Қ.Ищанов.
Кездесу барысында әңгімелесушілер экономика және мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін де талқылады. Қ.Ищанов бельгиялық компаниялардың өкілдерін 2012 жылы Астанада өтетін ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.