«Бұлақ көрсең, көзін аш» деп данагөй бабаларымыз өсиет еткендей, біздің елімізде ілім-білімге ұмтылған жастарға кең қолдау көрсетіліп келеді. Әрине, әр оқушының білім деңгейі ҰБТ сынағы кезінде белгілі болады. Биылғы ҰБТ қорытындысымен Атырау қаласындағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның үш түлегі – Самал Құмарова, Нұржан Қамзаев және Ақбөкен Сахтанов он бір жыл бойы жинаған білімінің нәтижесінде ең жоғары көрсеткіш – 125 баллға ие болды. Осы оқу ордасының және бір түлегі – Айнаш Әубекерова білім сынағынан 124 баллдық көрсеткішке қол жеткізіп, ұстаздарының сенімін ақтады.
БІЛІМДІ ЖАСТЫҢ ЖҮЗІ ЖАРҚЫН

ҰБТ сынағының биік шыңын бағындырған үш түлектің талпынысы барша қазақты үлкен абыройға бөледі. Олардың ілім-білімнің көкжиегіне қол созған талпынысына облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қолдау көрсетіп, әрқайсысына 1 миллион теңгеден қаржылай сый жасады. Өз қатарластарынан білімімен оқ бойы озып шыққан түлектің ұстаздары да үлкен құрметке бөленді. Жалпы, өңір басшылығы тарапынан көрсетілетін қолдаудан алыс ауылдардағы мектеп оқушылары да тыс қалып отырған жоқ.
Бұрынғыдай емес, алыс ауылдарда да мектептер жаңарды, осы заманғы құрал-жабдықтармен қамтылуда. Соған орай мұғалімдердің де біліктілігін арттыруына мүмкіндік молайды. Ал бұл оқушылардың сапалы білім алып, еркін еліміздің білімді, білікті тұлғасы ретінде қалыптасуына игі ықпалын тигізері даусыз. Жақын арада Атырау облысында тағы да бірнеше жаңа мектеп ашылғалы отыр. Сонымен бірге, Назарбаев Зияткерлік мектебі де оқушыларды қабылдай бастамақ.
Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВ,
Атырау облыстық білім басқармасының басшысы.
ҚУАНЫШЫМЫЗ ШЕКСІЗ
«Адамның бір қызығы бала деген» деп данышпан Абай атамыз айтқандай, адамға перзент сүюден, оның өмірден өз орнын табуына ықпал етуден артық бақыт бола ма. Біз де жолдасым Ақторғын екеуміз Мирасбегіміз туғанда сондай қуанышты бастан кештік. Уақыт деген қандай шапшаң. Сөйтіп, отбасымыздың көз қуанышына айналған тұңғышымыз да мектепке бару жасына келіп қалды. Жаздай Идиатулла атасы мен Гүлмәйрам әжесінің қолдарында тәрбиеленіп, сол жақта оқығысы да келген-ді. Алайда, Ақтөбе қаласындағы №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясында оқысын деп шештік.
Баланың мектепке баруының өзі нағыз қуаныш қой. Кезінде біз осы күнді асыға күтетінбіз. Парталары, тақталары сырланған класқа алғаш рет енудің әсерін айтсаңшы. Шыттай жаңа киіммен, сөмкеңді құшақтап, өзің қатарлы балалармен бір топта болу қандай ғанибет десеңші. Біз де Мирасбегімізге оқу құралдарын, киімдерін алып беріп, мектепке баруға дайындап, қуанттық. Оқуға талабы зор. Оның үстіне балабақшада болғандықтан әріп танып, санауды үйренді. Ол баратын мектеп үйге жақын, көлік қозғалысы аздау жерде орналасқан. Мектептің жаңа оқу жылына дайындығы да өз деңгейінде. Кластағы жиһаздар, әдістемелік оқу құралдары талапқа сай. Бір сөзбен айтқанда, үлкен ұлымыздың алғаш мектеп табалдырығын аттауын асыға күтудеміз. Міндетті түрде алғашқы қоңырауына қатысып, класына кіргізіп, партасына отырғызамыз. Білімнің негізі бастауышта қаланады. Сондықтан оқуын қадағалап, үйретіп отыру да ата-аналық міндетіміз. Болашақта алатын білімі елінің азаматы болуының алғышарты деп білеміз. Алда келе жатқан Білім күні мерекесімен ұстаздарды, ата-аналарды құттықтаймын.
Нұржан ҚИЯСОВ,
«ҚР Статистика агенттігі АЕО» ШЖҚ РМК-ның
Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры.
Ақтөбе.
КӨ