• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Наурыз, 2020

Литвада бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне жәрдемақы бөлінеді

227 рет
көрсетілді

Литва үкіметі дағдарыс кезінде компаниялар мен азаматтардың шығындарын азайту, коронавирустан туындаған ахуалды қолдау үшін экономикалық шаралар кешенін іске асыру мақсатында 5 миллиард еуро мөлшерінде қаражат бөлінетінін хабарлады. Сондай-ақ, Литва банкі елдің ЖІӨ 2020 жылы 1%-дан төмендейтінін ескертті.

Премьер-министр Саулюс Скверниалис бизнесті мүмкіндігінше қызметкерлерді жұмыстан шығармауға шақырды. Тұрақтандыру жоспарында, атап айтқанда, компаниялардың жұмыс орындары мен өтімділігін сақтауға 0,5 миллиард еуро, денсаулық сақтау саласына тағы 0,5 миллиард еуро қарастырылған. Орталық банк арқылы жоспарды қаржыландыру 2,5 млрд еуроны құрайды. Ол төтенше жағдайда жұмыс істейтін бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне жәрдемақы бөлінетінін айтты. Жоспар компанияларға салық төлеуді кейінге қалдыру немесе айыппұл төлемей келісімшарттық кестеге сәйкес салықтарды қайта бөлу мүмкіндігін ұсынады. Жеке салық төлеушілер айыппұлдардан, өсімақылардан босатылып, төленбеген салық төлемдерін өндіріп алу жөніндегі іс-шаралар тоқтатылады.

АЛМАТЫ