• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Президент 26 Наурыз, 2020

Президент індеттен көз жұмған әйелдің туыстарына көңіл айтты

357 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін коронавирустан қайтыс болған әйелдің туған-туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды. 

- 64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды екенін көрсетеді. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданды. Осындай қажетті шара қолдануға мәжбүрміз. Эпидемияны Бәріміз Бірге жеңеміз. Одан сабақ алып, тиісті қорытынды жасаймыз, - деп жазды Президент.